Зеленовка мекенінің тұрғындары апат туралы жақ ашпауға мәжбүрлеп, қорқытқандығын айтып берді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасай отырып. Бірақ тұрғындардың жоғалтқандары көп болғандықтан қорықпайтындықтарын жеткізді.
Қарасу ауданындағы Зеленовка мекенін осыған дейін 2 рет су басқан көрінеді. Алғашқысы 15-17 сәуір аралығында, екіншісі 18-19 сәуір аралығында орын алған екен. Тұрғындарды осыған дейін осы үлкен аумақты қамтыған апат туралы жақ ашпауға мәжбүрлеген, бірақ қарапайым халықтың жоғалтқандары көп болғандықтан бұл туралы айтуды жөн санаған.
Осы апаттан кейін 43 үй су астында қалған, 5 үйді қалпына келтіру мүмкін емес екен.
«Соңында бізді кінәлі етіп шығарды»,- дейді жергілікті тұрғын Андрей Максимов. «15 –сәуір күні апат болуға 3 сағат қалған кезде апаттың болатынын айтып, ескерту жасаған. БІрақ бізге дәл осындай үлкен аумақты қамтитынын айтқан жоқ. Бұрын бұндай оқыс оқиға болған емес. Менің үйім терезесіне дейін су басты. Үлкен шығынға ұшырадым»,- деп сұхбат берді.
Анрей Максимовтың үйін қалпына келтіру мүмкін емес. Үй иесі үйді бұзып, пайдаға асатын құрылыс материалдарын ғана қолдануды жоспарлап отыр.
«Мен осының барлығын видеоға түсіріп, ғаламторға жарияладым. Бірақ видеоны жоқ қылып тастапты. Тұрғындар қорқады. Осы жердің әкімі келіп ешқайда хабарламауды, жарияламауды бұйырып, қадағалап отыр. Ал мен одан қорықпаймын, себебі менің жоғалтқаным аз емес»,- деп ашына сұхбат берді Андрей Максимов.
18-сәуір күні Қостанай облысының әкімшілігі апаттың тұрғындар айтқандай үлкен аумақты қамтымағандығын айтқан болатын. Осы апаттан әкімшіліктің санағы бойынша 22 үй зардап шеккен. Ал Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов шығынның 200 млн теңгені құрайтындығын мәлімдеді. Зардап шеккен тұрғындарға бұл қаражат келесі аптадан бастап берілетін болады.
Оставить комментарий