Алматыда көлік бөгелісіне себеп болған марафон өтті

/uploads/thumbnail/20170710034851409_small.jpg

Бүгін Алматыда қайырымдылық мақсатта «Алматы марафоны» өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.  Марафон Президент Саябағында түскі сағат екіге дейін жалғасады.

Алтыншы рет өткен марафонға қатысуға әлемнің 40 елінен 15 мыңнан аса адам өтініш білдірген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 20%-ға көп. Оның мыңға жуығы бала. Марафоннан түскен қаржы 6 арнаулы балалар мекемесіне спорттық бұйымдар сатып алуға жұмсалмақ.

Алғашқы рет 2012 жылы өткізілген Алматы марафоны 42,195 шақырымды құрайды. Бұл жолы да марафонға бірқатар өнер жұлдыздары, спорт шеберлері қатысты. Марафонның ашылуында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатынасып, бұл марафонның бұқаралық спортты дамытуда маңызы зор екенін атап өтті.

Алматыда өткен марафонға ауарайы да қоңырсалқын күйде жақсы әсерін тигізді. Алайда, көлік жүргізушілері ренжулі. Марафонға байланысты бірқатар көше мен даңғыл бағыттары жабылатыны интернет беттерінде хабарланғанымен, мемлекеттік арналарда, жергілікті Алматы арнасында хабарланбаған. Соған орай Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде және қилыстарында айтарлықтай көлік бөгелісі орын алды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи