Солтүстік Корея билігі АҚШ-тың әскери кемелерін суға кетіруге, яғни жойып жіберуге тас түйін дайын екендіктерін жариялаған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.
«Родонг Синмун» жұмысшы партиясы басшыларының пікірінде, АҚШ кемесі «Карл Винсонды» «Жабайы жануармен» салыстырып, оған жасалатын соққы КХДР қарулы күштерінің әлеуетін көрсетеді делінген.
Олар өз басылымдарында: «Біздің революциялық күштеріміз АҚШ-тың ұшақ тасығыш кемесін (Авианосец) бір соққының көмегімен жойып жіберуге дайын», -деп хабарлайды.
Еске сала кететін болсақ, бүгін, сәуірдің 23-і Корей түбегіне жақын аймақта АҚШ-тың «Карл Винсон» әскери кеме флоты (авианосец) бастаған әуе шабуылы тобы Жапония қарулы күштерімен біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
Оставить комментарий