«Реал» - «Барселона» ойынын әлемнің 650 млн. жанкүйері көретін болады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі segodnya.ua-ға сілтеме жасай отырып.
«Эль-класико» деп аталып келе жатырған бұл ойын әлемнің 185 елінде тікелей эфирден көрсетіледі.
Бұл ойын барысында 600 журналист пен 200-ге жуық БАҚ өкілдері жұмыс жасайды. «Эль-класико» атты бұл ойында 40-қа жуық камера пайдаланылады.
Бұл екі команда бірнеше жылдан бері бір-біріне қарсылас болып келеді. Сонымен бірге команда ойыншылары да әлемге танымал жандар. Бұл командалармен бірге жанкүйерлер де бір-біріне қарсылас болып есептеледі. Бұл жолы қай команда жеңіске жетер екен?
«Реал» - «Барселона» ойыны бүгін сағат 21:45 басталады.
Оставить комментарий