«Алға» қозғалысының негізін қалаушы, бұрынғы экономика министрі Эмманюэль Макрон және «Ұлттық майдан» көшбасшысы Марин Ле Пен жексенбі күні өткен президенттік сайлаудың бірінші турындағы жеңістерін тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Франция ІІМ жариялаған алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 97% бюллетеннің есеп қорытындысы бойынша, 23,86% дауыс жинаған Макрон көш бастап тұр, ал Марин Ле Пен - 21,45% нәтижесімен екінші орында. Дүйсенбі күні екі кандидат - Эмманюэль Макрон мен Марин Ле Пен арасында сайлауалды науқанның жаңа кезеңі ресми түрде басталады. Шешуші дауыс беру заңға сәйкес, алғашқы турдан екі апта өткен соң - 7 мамыр, жексенбі күні өтеді.
Оставить комментарий