Димаштың туған күніне орай Қытайда қайырымдылық шара өтпек

/uploads/thumbnail/20170710035059708_small.jpg

I am singer байқауы барысында Қытайда Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергенді қолдайтын бірнеше ұйымдар құрылған. Dimash Sisters, 25 Dears,  Dombra, Dimdears,   DearsForever деп аталатын ұйымдардың әрқайсысында бірнеше миллион адамнан бар, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Қытайдың Weibo әлеуметтік желісіндегі мәліметке сүйенсек, аталмыш ұйымдар байқау бітсе де, өз жұмыстарын жалғастыра бермек. Байқау кезінде Қытай жанкүйерлерінің Димаш Құдайбергенді ерекше қадірлеп, өнерін аса жоғары бағалаған болатын. Бұған дейін Димаштың алғашқы турда киіп шыққан костюмі сатылғаны жайында ақпарат таралған. Аукционға 169 адам қатысып, косюм біздің ақшаға шаққанда 7 миллион 200 мың теңгеге сатылды.

Енді, міне Димаштың 24 мамырда келіп жететін туған күніне орай Қытайда үлкен қайырымдылық шара өтпек. Оған Қытайдағы қазақ әншісін қолдайтын ұйымдар атсалысуды көздеп отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи