21-сәуір, Алматы қаласында жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында Аудандық «Тұма жырдың тұмбасы» тақырыбында Тұманбай Молдағалиевке арналған жыр мүшәйрасы өтті.
Іс-шараға 10 мектеп атсалысып, жалпы саны 26 қатысушыны құраған дода тартысты өтті.
Атаулы байқау екі кезеңнен өткізіліп, бірінші кезең «Жүрегімнің сөзі» деп аталып ақынның жырларын мәнерлеп оқу болып табылса, екінші кезеңде «Тұма жырдың тұмбасы Тұманбай-ды» тақырыбымен ерекшеленіп, қатысушылар ақынға деген өздерінің жүрек жарды өлеңдерін тыңдаушылар назарына ұсынды.
Тұманбай Молдағалиевтің өмірлік жары - Күлтай Қасымова ханым да бұл мерекеге бейжай қарамай, байқауға төрелік етіп, шын жүйрікті анықтауға атсалысып, жас ақындарға сәттілік тіледі.
Жалпы білім беретін №40 мектеп ұйымдастырған мүшәйраны Халық банк та қолдады. Халық банк додаға қатысқан әрбір қатысушыны сыйлықтармен қамтамасыз етіп, сондай-ақ байқауда мүшелік еткен жалпы білім беретін мектептер №63, №81, №92, №93, №62, №137, №146, №191, №190 және №40 мектеп кітапханасына Тұманбай Молдағалиевтің 24 томдық шығармалар жинағын сыйға тартты.
Айта кетейік, Халық банк бір жылдықтың көлемінде Тұманбай Молдағалиевтің 24 томдық шығармалар жинағы жарық көруіне қолдау көрсеткен болатын.
Оставить комментарий