Полиция 12 жастағы баланы тұтқындады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі The Sydney Morning Herald-қа сілтеме жасап.
Құқыққорғау органдары Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында кәмелетке толмаған баланы тоқтатты.
Бала көлікпен Кенделл қаласынан (Австралияның шығыс бөлігі) Перт қаласына (Елдің батыс бөлігі) бара жатқанын айтқан. Брокен-Хилге жеткенде ол өз бетінше 1300 шақырым жүріп өткен. Баланы полиция бөлімшесіне жеткізді.
13-ші сәуірде 8 жастағы американдық бала YouTube-тан көлік жүргізуді үйреніп, 4 жасар қарындасымен көшеге көлікпен шыққан. Балалар жарты шақырым жерді жүріп өткен.
Оставить комментарий