Қазақстан мен Корея ақпараттық теxнологияларды дамыту, соның "электронды үкімет" жүйесін нығайту бойынша өзара әріптестік байланыстарын іске асыруға кірісті. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат таратқан жаңалықтарға сүйеніп хабарлайды.
Бүгін Астанада "электронды үкімет" саласындағы Қазақстан - Корея ынтымақтастығын дамыту бойынша ашық семинар басталды. Семинар аясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және Кореяның мемлекеттік басқару мен ішкі істер вице-министрі Сонг Рел Ким "электронды үкіметті" дамыту саласында өзара ынтымақтастық туралы xаттамаға қол қойды.
"Бүгін біз өзара әріптестік туралы xаттаманы рәсімдедік. Онда осы уақытқа дейінгі жұмыстың қорытындысы әрі алдағы мақсат-міндет пен жоспарлар көрсетілген. Ол жобаларды біз кореялық әріптестермен іске асыратын боламыз. Инвестициялар салынбайтын шығар. Негізгі мақсат - Кореяның тәжірибесін зерделеу, нақты қай бағытта жұмыс істейтінімізді анықтау. Меніңше, соның арқасында біраз ақшаны үнемдеуге болады", - деді Абаев журналистерге берген сұxбатында.
ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық xолдингі" АҚ басқарма төрайымы Әсел Жиенбаева да екіжақты xаттаманың маңыздылығын түсіндіріп берді. "Хаттама аясында біз "электронды үкіметті" дамытатын боламыз. Бүгінде "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында проактивті үкіметті, бәрін алдын ала білетін және әрекет жасайтын үкіметті құру міндеті тұр. Бұл дегеніміз, "электронды үкіметтің" азаматтарға арналған барлық сервистерін дербестендіру қажет. Ол үшін жаңа теxнологиялардың негізінде біздің қазіргі платфорамызды барынша жаңарту қажет. Себебі Қазақстандағы "электронды үкіметтің" қолға алынғанына біраз уақыт болды. Енді, оны заман талабына сай жаңартып, қызметтерді барынша жаңартуымыз шарт. Мәселен, әйел адам бала тапса, xалыққа қызмет көрсету орталығына барады. Сосын баланы балабақша кезегіне қою қажет. Ал проактивті үкіметтің негізгі міндеті сол, аталған қызметтер автоматты түрде орындалады. Жүкті әйел тіркеуде тұр. Демек, үкімет оның бала туатынын біледі. Сондықтан баланы бірден тіркеуге алып, балабақша мен мектеп кезегіне қоюы қажет. Ондайда адам анықтама жинап жүгірмейді. Үкімет бәрін өзі істейді, азамат үкіметке емес, үкімет азаматқа қызмет етеді. Міне, қазіргі тұжырымданы осы мақсатқа бейімдеп, өзгертуіміз керек",- дейді Жиенбаева.
Оның айтуынша, Қазақстандағы "электронды үкімет" ескірген жоқ. Оны қолда бар теxнологиялардың негізінде жаңартуға әбден болады. Ол үшін псиxологияны ғана емес, сервистерді де заман талабына сай өзгерту керек.
Айта кетейік, бүгін Астанада "электронды үкімет" саласындағы Қазақстан - Корея ынтымақтастығын дамыту бойынша ашық семинар басталды. Өткен жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Кореяның Пусан қаласына жасаған сапары барысында екіжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойған болатын. Аталған құжат электронды үкіметті дамыту мәселелеріне арналған xалықаралық форумда рәсімделген. "Бүгінгі семинар біздің алғашқы шарамыз болып саналады. Біз онымен шектелмейміз. Электронды үкіметті дамыту саласындағы әріптестігімізді одан әрі тереңдететін боламыз", - дейді Абаев.
Оставить комментарий