«Титаниктегі» апаттан аман қалған әйелдің тоны қомақты сомаға сатылды

/uploads/thumbnail/20170710035614478_small.jpg

Ұлыбританиядағы Henry Aldridge&Son аукционында «Титантик» кемесінде жұмыс істеген стюардессаның тоны сатылды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Жергілікті басылымның мәліметінше, тон 232 мың долларға дейін бағаланған. Сатып алушының есімі әзірге белгісіз.

Сырт киім батып бара жатқан кемеден құтқарылған Майбл Беннетт есімді әйелге тиесілі. Кемеден шыға бере ол тонын жатын көйлегіне салып алып шыққан. Әйелдің отбасы тонды 1999 жылы сатып жіберген екен, содан соң көне жәдігер мұражайға қойылды.

Трансатлантикалық «Титаник» кемесі 1912 жылы 15 сәуірге қараған түні мұзтауға соқтығысып, үлкен апатқа ұшыраған. Салдарынан 1496 адам қаза тауып, 712-сі құтқарылды.

Кеменің сынықтары су бетіне қалқып шыққанымен, басым бөлігі әлі күнге дейін су астында қалып қойған. Апаттан соң кемені қалпына келтіру мүмкін болмады.

Айта кетейік, Титаникпен қатысты бар заттар осы уақытқа дейін аукциондарға қойылып келді. Мәселен, 2016 жылы кеме қоймасының кілті сатылды.
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи