Сегіз жасар Джианг Тьянджианнің күні қарапайым баланыкіндей басталады. Мектепке аттанбас бұрын жақсылап тұрып таңғы ас ішеді. Сосын білім ордасына асығады. Жүзі жылы, көңілді баланың қатарластарынан бір-ақ айырмашылығы бар, ол – туа бітті екі қолының болмауы.
Джианг Тьянджиан тамақты да бармақтарымен жейді, бармақтарымен сурет салады, бармақтарымен жазады.
Барымызға риза болмай, ұсақ-түйек, болмашы нәрсені қиындық көріп, мойып жатқанымызда қытай баласы ата-анасын да, мұғалімін де, достарын да таң қалдырып келеді. Себебі оның оқу үлгерімі өте жақсы. Емтихан барысында ол қытай тілінен 97 балл жинаған екен. Мұғалімінің айтуынша, Джианг Тьянджиан сыныптағы ең дарынды оқушы. Оның сыныптастарымен де қарым-қатынасы жақсы. Достары оған барынша қолдайды екен, тіпті дәретханаға баруға көмектесіп тұрады.
Ақылды бала, зерек баланың өмірге деген құштарлығы зор. Алайда анасы Ли Хонгмеи баласы үшін қатты алаңдаулы. Болашақта ұлының өмірде өз орнын тапқанын, осы қалыптан таймай, бар қиындықты жеңіп шыққанын қалайды.
Ли Хонгмеидің айтуынша, ол жүктілік барысында УДЗ-ны бес рет өткен. Бірақ ешбірінде баланың денсаулығында ақау бары айтылмаған.
Мәлімет China Dailyден алынған
Аударған: Жазира Байдалы
Оставить комментарий