Добермен иттің бір түрі. Қазір аталмыш иттерді көбіне әскер мен полицейлер асырайды. Алайда оны тек қызметтік ит деп ойлау қате. Олар адамдарға тез бауыр басады және балаларды қатты жақсы көреді екен. Кішкене үйретіп жіберіп, оларды тіпті баламен қалдыруға да болады.
Хан – мақаланың басты қаһарманы. Бұрынғы иелері тарапынан ит көп қорлық көрген. Шарлотта есімді 17 айлық қыз итпен ойнап отырғанда ит қызды киімінен тістеп лақтырып жіберген. Иттің баланы лақтырып жібергенін көрген анасы жүгіріп келген. Сол сәтте Хан бірден құлап түседі. Кейін белгілі болғандай ит сәбиді қорғаған. Доберменді жылан шағып алған. Ит тірі қалды.
Мамандар жыланның итке барлық ууын шашып жібергенін айтады. Алайда бала үшін оның жартысы-ақ жеткілікті болушы еді.
Оставить комментарий