Мұндай ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Дін проблемаларын зерттеу орталығының жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы хабарлады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Ерзат Жасқанбайұлы ақпаратынша, екпе жасау қаншалықты пайдалы деген сұрақ, қазіргі таңда ең көп талқыланып жатқан мәселе десек те болады. Екпе жасау дұрыс емес дейтіндердің біраз бөлігі, бұл қарсылығы шариғатпен тікелей қатысы барын айтады. Сондай қарсы тараптың көп қолданатын ұрандарының бірі: - «Ислам екпе жасатуға тиым салады», «Екпе жасату - тағдырға қарсы шығу», «Вакцинация шайтанның зәрі» және т.б. Ал, медицина саласының мамандары ғылыми тәжірибелерге сүйеніп, екпе жасату дұрыс әрі қажетті шаруа дейді.
Қасиетті Құранда һәм пайғамбарымыздың сүннетінде вакцинацияға анық тыйым салынбаған. Керісінше, аурумен күресудің бұл тәсілін қолдаған көптеген дәлелдерді табуға болады.
Құран мен пайғамбар сүннетінде – аурудың алдын алуға қатты көңіл бөлген. Медицина ғылымындағы соңғы жетістіктер талай жылғы тәжірибенің арқасы ғана емес, бұл Алланың өз құлдарына жасаған қамқорлығы: «Егер мен ауырсам, (Алла) мені аурудан айықтырады...» (Құран 26:80).
Имам Муслимнен жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деп айтты: «Барлық ауруға дәрі бар. Дәрі ауруға сәйкес келсе, жаратушының әмірімен ол кісі айығады». Осыны алға тарта отырып Муслим «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аурудан емделуге дәріні қолдануға рұқсат берген дейді.
«Қандай да бір жерде жұқпалы ауру тарады дегенді естісеңдер, ол жаққа бармаңдар. Егер оба ауруы сендер тұрған жерде тарай бастаса, ол жерден кетпеңдер». Бұлхадисте «аурудан абайла және ауру басқа жаққа таралып кетпесін!» деген ескертулер жатыр.
Халыққа екпе жасауға бірнеше жыл кедергі жасалса, жұқпалы аурулар үлкен бір аумақтарға таралып кетеді. Жаппай иммунизация жасау, кедей, тұрғылықты жері онша жақсы емес аумақтар үшін де жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Екпенің пайдасы бір сөзбен айтқанда ұшан теңіз.
Екпе – ғалымдар мен медицина қызметкерлерінің бірнеше ғасыр бойы іздеп, тапқан дәрісі. Мен күллі облыс тұрғындарды арандатуға ермеуді, вакцинация жасауға қарсы болмауға шақырамын, - деп баяндамасын түйіндеді Ерзат Жасқанбайұлы.
Оставить комментарий