Бауыржан Оспанов: табысы жоғары салалар – ауыл шаруашылығы мен IT саласы (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710040421391_small.jpg

Меценат Бауыржан Оспанов қандай салалардан жақсы табыс табуға болатынын айтты деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі. Бауыржан Кеңесбекұлы бизнес жаңалықтарын тарататын Atameken Business Channel" арнасына берген эксклюзивті сұхбатында табысты салалар туралы айтқан.

Тілшінің «табысты салалар» туралы сұрағына Оспанов: «Әрине әр саланың өзінің пайдасы бар. Егерде ауыл шаруашылығын жақсы жолға қойып жұмыс істейтін болса ең көп табысты сол жерден табуға болады. Не болмаса IT бағыттарда істейтіндерде табыстар жақсы болады. Электр энергетика да болады. Ол мамандарға байланысты», - деп жауап берді.

Ол «Қазақстанның бизнесін дамыту үшін не істеу керектігі?» турасында «Әрине, біз дамып кеткен мемлекеттермен өзімізді салыстыра алмаймыз. Көп заңдар, жеңілдіктер керек. Құр жеңілдік емес қалаq іске асырудың механизмдары керек. Оның бәрі уақытында істелуі керек. Бекітілген мемлекеттік бағдарламалар, субсидия беру мәселесі түсінікті болуы керек. Алдын ала белгілі болуы қажет. Ауыл шаруашылығы ма, мал өнімдері ме, астық өсіретін бе субсидиялар осынша жылға деп айтылуы тиіс, соған байланысты істеу керек. Бір жобаға бірнеше өндірістер ашылады. Сол салаға байланысты. Мысалға айтайық, ең үлкен мәселе бізде ғой. Халқымыздың жартысы ауылды жерде тұрады. Соған шығарған бағдарламалар мал өнімдеріне ме, сүт өнімдері ме, не болмаса астықтарға субсидия қанша жылға берілгені белгілі болуы керек. Сол кезде соған керек заттарды шығаратын зауыттар қоюға, керек техниканы әкелуге болады. Сол арқылы жұмыс істеуге болады. Қазір үкімет үлкен қаражаттар бөлгенімен оның бәрі шетелге кетіп қалады. Өйткені керекті техника, технология бәрін шетелден әкелесіз. Ақшаның бәрі сыртқа кетіп, мұнда тек еңбек ету қалады. Мен бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Бәсекеге тұра аламыз десек, әлемдегі конкуренттерге қарау керек. Біз бәсекеге тұра алатындай субсидия бере алатын болсақ онда оны бастауға болады», - дейді.

Айта кетсек, Белгілі қазақ кәсіпкері, меценат. "ZHERSU" инвестициялық-өндірістік корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы, Қазақстан бокс және күрес федерацияларының вице-президенті. Forbes Kazakhstan журналы Бауыржан Оспановты 2014 жылғы Қазақстанның 50 бай адамы тізіміне кіргізді. Ол тізімде 320 миллион доллармен 32 орынға орналасты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи