Қостанай облысының арнайы мамандандырылған соты 41 жастағы ер адамға қатысты сот шешімін шығарды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Өгей қызын зорлаған ер адам ҚР ҚК 120 бабы 3-ші бөлімі бойынша айыпты деп табылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды және жапа шеккен қызға 1 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеп беруі тиіс. Ер адам жазасын қатаң түзету мекемесінде өтейді.
Ер адам Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде өгей қызымен және оның анасымен бір шаңырақ астында тұрған.
2016 жылдың 30-шы қазан айында 8-ші сынып оқушысының анасы түнгі кезекшілікте болған. Осы жағдайды пайдаланған ер адам арам пиғылын жүзеге асырған.
2012 жылы да анасы азаматтық некедегі күйеуінің сол кездегі 9 жастағы қызын зорлап жатқан жерінен түскен. Ер адам кешірім сұрағаннан кейін әйел оны кешірген екен.
Ер адамға қатысты сот шешімі әлі заңды күшіне енбеді.
Оставить комментарий