Астан уландым деп ойлаған қыздың жағдайы одан да мүшкіл болып шықты

/uploads/thumbnail/20170710040527267_small.jpg

Ұлыбританияның тіс емханасында медбике болып жұмыс істеген 22 жастағы Линзи Крейг Египеттегі еңбек демалысына шыққан. Еңбек демалысының соңғы күндерінде жүрегі айнып, іші өте бастаған. Медбике қыз және оның жігіті Даррен Рид бұл ауруды астан улану деп санағанымен, күн өткен сайын қыздың жағдайы күрт нашарлайды. Дәрігерлердің көмегіне жүгінгенде, бала күнінде қатерлі ісікпен ауырған медбике қыздың ауруы асқынып, қатерлі ісік бойына жайылып кеткені анықталған. Алты айдан соң Линзи Крейг қатерлі ісіктен көз жұмады.

Дәрігерлер Линзидің 14 жасында қауіпті ісігін алып тастаған. Бірақ ауру бірнеше жыл өткен соң қайта қозып, жас қыздың асқазан, өкпе, бауыр, омыртқа бөліктеріне жайылып кеткен.

Дәрігерлер диагноз қоя салысымен химиялық емдеуді бастаған.  Ем қабылдағанына қарамастан, Линзи өз аяқтарын сезуден қалады. 27 желтоқсан күні мереке қарсаңында жағдайы күрт нашарлап, анасы жедел жәрдем шақырады.

Линзидің анасының айтуы бойынша, Линзидің соңғы сөздері махаббат пен сүйіспеншілік жайында болған.

 

Аударған : Айгерім ТАУБАЙ

Оставить комментарий

Связанные Статьи