Эман Ахмед- әлемдегі ең толық әйел. Оның әпкесі Шайма Салимнің сөзіне қарағанда, үндістандық дәрігерлер әпкесін де, өзін де алдап соққан. Эман Ахмед бір жарым ай бойы ауруханада жатып жағдайы нашарлаған. Әпкесі Шайма Салим оған дәрігерлер өтірік ем-дом жасап жүр дейді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуы бойынша, Эман Ахмет 200-ден аса келі салмақ тастамаған. Ал дәрігерлер оның осы салмақты тастағанын айтып жалған ақпарат таратқан.
Ең толық әйелдің әпкесі: «Ол ауруға шалдыққан. Он күн бұрын тромбоз (қанның ұюы) болғанын айтады. Осында келгелі бері екінші рет қаны ұйып отыр»-дейді. Қазір жағдайы өте нашар болып отырғанын айта келе, дәрігерлерге тек сенсация мен атақ қана керек екенін жеткізді.
Ал дәрігерлер бұл кінәні жоққа шығаруда. Олардың айтуынша ешқандай қан ұю болмаған, Эманның қазіргі салмағы 171 келі. Ол ауруханаға келген уақытта салмағы 495 келі болған, семіруге шалдыққан оған наурыз айының басында ота жасалған. "200 келі тастағаны рас"- дейді дәрігерлер.
Оставить комментарий