27 cәуірде сағат 9-дан бастап 28 сәуір аралығына дейін Алматы қаласының тұрғын үйлері мен кейбір объектілеріне су жіберу тоқтатылады. Атап айтқанда: Әуезов, Бостандық, Медеу ауданындағы:Фурманов-Желтоқсан-Сатпаев-Абай; Сатпаев-Фурманов-Қастеев-Төле би; Фурманов-Абай-Абылай хан көшелері аумағында суық су тоқтату жүзеге асатын болады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Суық судың өшірілу себебі- жаңа магистральді су таратқыш құралдардың қосылуы.
Аталған аумақта орналасқан денсаулық сақтау мен білім беру объектілеріне ауыз суды жеткізу қамтамасыз етіледі.
Оставить комментарий