Ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасы 33 жастағы Тараз тұрғынын ұстады. Ол 20 жастағы қызды Алматы облысынан Астанаға алдап әкеліп, құлдыққа сатып жіберген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Zakon.kz-кесілтеме жасап.
Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны әйелдікке алуға уәде берген. Ол үшін Астанаға анасымен таныстырамын деп алдап әкеліп, құлдыққа 50 мың теңгеге сатып жіберген.
Жәбірленуші күдіктімен Алматыда танысқаны анықталды. ҚР ҚК 128 бабы бойынша (адам саудасы) сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұсталған ер адам кінәсін мойындаған. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр. Ол қазір қамауда.
Оставить комментарий