Елбасының өмір жолы туралы кітап араб тілінде жарық көрді

/uploads/thumbnail/20170710041122178_small.jpg

Араб тілді оқырмандар енді Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянымен етене танысатын болды. Сауд Арабиясында Елбасының өмір жолы туралы кітаптың араб тіліндегі нұсқасы таныстырылды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24 Хабарға сілтеме жасап.

Авторы – белгілі публицист, президент кеңсесінің басшысы - Махмұд Қасымбеков.

«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты туындының араб тілінде жарық көруіне Эр-Риядтағы ислам зерттеу орталығы ұйытқы болған. Тұсаукесер аясында өткен конференцияда шетелдік журналистер мен сарапшылар Қазақстанның өткені мен бүгіні жайлы мағұлматқа қанықты. Ал арнайы ұйымдастырылған көрмеде еліміздің әсем көріністері паш етілді.

Сондай-ақ, тұңғыш президент кітапханасы мен король Фейсал атындағы ислам зерттеу институты арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Сол арқылы тараптар ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізуге уағдаласты.

Махмұд Қасымбеков, ҚР Президенті кеңсесінің басшысы, кітап авторы:

- Араб әлемі дүниедегі ең үлкен өркениеттердің біреуі ғой. Сондықтан кітаптың араб тілінде шығуы біздер үшін үлкен қуаныш. Ханзадамен келісімге келдік. Қазақ тарихы туралы араб тілінде кітап шығару туралы келісімге келдік. Егер ол шықса, біз үшін үлкен нәтиже болар еді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи