Найзағай-табиғат құбылысы. Көпшілігі бұл құбылысты тиісінше бағаламай жатады. Осыған байланысты найзағай соғып қаза тауып жатқандар саны күннен-күнге көбеюде. Найзағай уақытында қандай да бір жарақат алып оның құрбанына айналмас үшін төмендегі ережелерді сақтаған жөн. Найзағай туралы танымдық деректерді Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.
Найзағайдың сізден қаншалықты қашықтықта орналасқанын байқау үшін жарқыл түскен аумақ пен күн күркіреп жатқан аумаққа мән беру керек. Егер арасы 5 секунд болса –қауіпсіз жерге орналасып үлгеруге мүмкіндік бар. Егер екеуінің арасы жақын болса тез арада қауіпсіз жерге тығылу керек.
Егер ғимарат, үй ішінде болсаңыз, компьютер, теледидар сияқты техника заттарын өшіру керек. Есіктер мен терезелер жабылу қажет. Найзағай уақытында әсіресе, үйіңіз ауыл-аймақтарда орналасқан болса суға түсуден бас тартқан дұрыс. От жақпаған дұрыс. Құбырдан шыққан түтін электр тогын өткізгіш келеді.
Далада болсаңыз
Судан, металлдан аулақ болған дұрыс.
Ағаштан, суы бар өзен, каналдардан алысырақ орналасу керек. Егер жан-жағыңызда бұтақ, түптер болмаса жүресінен отыру керек.
Ұялы телефондардың найзағай уақытында тигізетін қаупі туралы нақыт зерттелмесе де телефонды өшіріп қойған дұрыс.
Егер автокөлік ішінде болсаңыз
Автокөлік негізінен алғанда қауіпсіз жер. Ең бастысы оны ашық жерге қойып, есік, терезесін жауып қою керек. Көлік ішіндегі металды заттарға тиіспеу керек.