Қытай мемлекетінде жалғыз көзді торай дүниеге келді

/uploads/thumbnail/20170710042821224_small.jpg

Әлеуметтік желілерде Қытай мемлекетінің Хэбэй аймағында жалғыз көзді торай дүниеге келді. Видеодан шошқаның жаңа ғана дүниеге келгені анық көрінеді. Фермер кішкентай тіршілік иесін оңға солға шайқап тұр. Табиғаттың тылсым күшімен ерекше жаратылған жалғыз көзді торайдың 10 күннен кейін қайтыс болғаны хабарланды.

Бұл Қытай елінде орын алған алғашқы жағдай емес.  2015 жылы будда ғибадатханасының маңынан бір денеге телінген екі басты тіршілік иесі табылған болатын. Торай Тяньцзинь қаласынан табылған. Ал бұл мекенде біраз уақыт бұрын жарылыс орын алған болатын.

Связанные Статьи