2017 жылдың күзінен бастап Kazakh TV төрт тілде хабар көрсететін болады.
Қазақтсанның ұлттық спутниктік Kazakh TV телеарнасы қырғыз тілінде хабар таратуды бастайды. Бұл жөнінде Қырғызстан Мемлекеттік телерадиокорпорациясының бас директоры Илим Қарыпбеков Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Жақсы жаңалық. Осы жалдың қазанынан бастап қазақстандық арналарыдң ішіндегі Kazakh TV агенттігі қырғыз тілінде хабар таратуды бастайды. Бұл жайында маған арна басшысы Тараков Андрей айтты. Бүгінгі таңда Kazakh TV 3 тілде хабар жүргізеді: қазақша, орысша және тілдерніде», - деп жазды Қарыпбеков.
Kazakh TV – Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық спутниктік телевизиялық арнасы.
Kazakh TV өзінің алғашқы көрсетілімін 2002 жылдың 25-ші қазанында «Caspionet» атауымен бастады. 14 жылдан кейін, яғни 2016 жылы күздің екінші айында «Kazakh TV» және «Білім және Мәдениет» арналары бірігіп, қызметін Kazakh TV атауымен жалғастырды.
Бүгінгі таңда Kazakh TV – Қазақстанның мәдениеті, тарихы, дәстүрі мен заманауи шындығы туралы имидждік арна. Сондай-ақ Еуропа мен Азия тоғысқан жерінде орналасқан Қазақстанды танытатын бірегей телеарна болып табылады.