Оңтүстік Қазақстанда Дональд Трамптың аттасы тұрады

/uploads/thumbnail/20170710063350090_small.jpg

Қазығұрт ауданы Жаңа Базар ауылына қарасты Көкібел елді-мекенінде Дональд есімді бала тұрады, деп жазады Оңтүстік Қазақстан газетінің ресми сайты.

2016 жылдың қарашасында туған сəбиге бұл есімді атасы Кəдірбай ақсақал берген. Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың құрметіне қойған екен. Дональд - Шыңғыс бен Назгүлдің үшінші перзенті. АҚШ президенті секілді ел басқаратын адам болсын деген ниетте есімі қойылған Дональдтің Ханбатыр, Береке есімді қос ағасы бар. Анасы – Назгүл мектепте тəлімгер болып жұмыс істейді. Ал, əкесі – жеке кəсіпкер.

Шолушы: Гүлім Жақан

Оставить комментарий

Связанные Статьи