2017 ЖЫЛДЫҢ 4 АЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ҚАРҚЫНЫ

/uploads/thumbnail/20170710065134496_small.jpg

2017 жылғы қаңтар-сәуір аралығындағы ЖІӨ өсімінің қарқыны 2017 жылдың 1 тоқсанындағы 3% өсіммен салыстырғанда 3,7%-ға жылдамдатылды деп хабарлады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Тұтынушылық және инвестициялық сұраныс, сонымен қатар ЖІӨ серпінін сақтауға көмек көрсеткен экономиканың шынайы секторындағы ұлғайтылған белсенділік маңызды факторларға айналды.

Негізгі капиталға инвестициялар 5,5%-ға артты, 7,5%-ға дейін жылдық инфляцияның бәсеңдеуі халықтың таза кірістерін 2,4%-ға және бөлшек сауда көлемін 5,5%-ға (2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында 2,3%-ға төмендеді) арттыруға ықпал етті. ЖІӨ оң серпіні өндіруші (7,8%-ға)  және өңдеуші  (6,8%) салалардың, құрылыстың (6,1%-ға)  және қызмет көрсету (1,9%-ға) салаларының тұрақты өсімімен қамтамасыз етілген.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларының арасында өндіру бойынша оң қарқын байқалады:

  • көмір және лигнит (18,9% өсім);
  • мұнай (7,6%-ға);
  • табиғи газ (13,2% өсім).

Анықтама:  Өсім Қашаған кен орнында шикі мұнай өндіру көлемінің, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да, «Богатырь Көмір» ЖШС-де, «ЕЭК» АҚ-да (тау-кен жұмыстарын дамытудың бизнес жоспарына сәйкес) көмір көлемі және «ССТӨБ» АҚ-да темір кені өндірісінің ұлғайтылуымен қамтамасыз етілген.

 

Өңдеу саласының маңызды сегменттерінде де оң өзгерістер байқалған:

  • мұнай өңдеу (9,1%-ға);
  • фармацевтика (49,7% өсім);
  • металл емес минералды өнім өндірісі (5%);
  • металлургиялық өнім (8,3%);
  • машина жасау (3,3%-ға).

 

Агроөнеркәсіп кешені

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,9% деңгейінде сақталды.

Есеп беру кезеңінде азық-түлік өнімдері өндірісі 5,7%-ға ұлғайтылды, ал сусын өндірісіндегі өсім 2,6%-ды құрады.

 

Құрылыс саласы 6,1%-ға ұлғаю арқылы оң қарқынды сақтап тұр.

Құрылыс жұмыстары ширақ қарқынмен жүргізілуде:

  • Павлодар облысында (59,5%-ға өсім);
  • Астанада (19,1%);
  • Жамбыл облысында (12,7%).

Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғайтылуы ПМХЗ-да жаңғыртуды жалғастырумен, Ақтоғай ТКБК-дағы, Ақтөбе шахтасындағы, тұрғын үйлер, мектептер мен спорт-сауықтыру кешендеріндегі құрылыспен байланысты.

 

 

 

Тығыз салааралық байланыстар, негізінен, өнеркәсіптік сектордың жүйе құрушы салалары қызмет көрсету салаларындағы өсімнің жақсаруына оң ықпал етеді.

Қызмет көрсету өндірісі есеп беру кезеңінде 1,9%-ға өсті. Сауда, ақпарат және байланыс салаларында өсім байқалуда:

  • Жыл басынан бері сауда өсімі 2,4%-ды құрады;
  • Ақпарат және байланыс 2%-ға ұлғайтылды;
  • Көлік және жинау қызметтері 3,5%-ға өсті;
  • Жүк айналымы 5,9%-ға ұлғайтылды;
  • Жолаушылар айналымы - 3,2%-ға өсті. 

Связанные Статьи