Анасы өлім аузындағы қызын бейтаныс ер адамға берген. 36 жылдан кейінгі кездесуде барлығы көз жасын тыя алмады

/uploads/thumbnail/20170710065118262_small.png

1981 жылы Денни Уэлш қызметтік тік ұшақтан жердегі ірі жол апатын байқап қалады. Өз ісіне адал дәрігер ұшқышқа қонуды бұйырады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Көлік жүргізушісі, әйел мен оның бірінші баласы қатты зардап шекпеген. Ал екінші қызы ауыр жарақаттанған еді.

Екі жасқа да толмаған Мисси көліктің алдыңғы терезесінен жолға шығып кеткен. Ол уақытта қыз тыныс алмаған. Миссиге дереу медициналық көмек қажет еді. Қызы мен анасының бақытына орай, Денни есімді дәрігер көмекке келді. Ол өз ісінің нағыз шебері. Ал оның қызметтік тік ұшағы медициналық жабдықтармен жабдықталған болатын. Абырой болғанда, қыз қайта тыныс ала бастады. Дәрігерлер, бірінші құдай, екінші Деннидің арқасында қыздың аман қалғанын айтады.

Уақыт өтіп, қыз есейіп, тұрмысқа шықты. Дәрігерлер Миссидің апатқа байланысты ішкі ағзасына зақым келгенін және соның салдарынан бала көтере алмайтынын жеткізген. Мисси сол уақытта қатты қиналғанын айтады.

Ана атанудан күдерін үзген Месси бір күні жүкті екенін біледі. Оның бақытында шек болмады. Ол шекесі торсықтай ұлдың анасы атанды.

Мисси өзін 36 жыл бұрын құтқарып қалған дәрігерді тауып, алғысын білдіруге бекінді. Осылайша Мисси мен оның құтқарушысы кездесті. Ол уақытта Денни ақ шашты, сары тісті қария еді. 

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

Связанные Статьи