ӘЗІРБАЙЖАН ҮКІМЕТІ БЖЗҚ-ҒА ЖИНАҚТАЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫСЫ ҚАЙТАРАТЫН БОЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170710065107293_small.jpg

Қазақстандықтардың Халықаралық Әзірбайжан банкіне салған зейнетақы жинақтары қайтарылатын болады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі kaz.tengrinews.kz таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Мемлекет банкті құтқарып қалу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Әзірбайжанның адвокаттар алқасының мүшесі Акрам Гасанов мәлімдеген. Әзірбайжан үкіметі банктің қарыздарын төлеп беру туралы шешімге келді. Сондықтан қазіргі уақытта сарапшының айтуынша, БЖЗҚ-ға да, Халықаралық банкке қаржы салған басқа компанияларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

"Міндеттер қайта құрылымданған соң Халықаралық банк таза табыспен жұмыс істейтін болады. Сондықтан енді банкте ешқандай проблема болмайды. Оларға алаңдаудың қажеті жоқ. Қазақстанда негізсіз шу шығып кетті", - деді сарапшы Акрам Гасанов. 

Еске сала кетейік, осыған дейін сарапшы Рахым Ошақбев БЖЗҚ-ның инвестициялауына қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, БЖЗҚ активтерінің 71,3 миллиард теңгесі Әзірбайжанның халықаралық банкіне салынған. "Осылайша, зейнетақы активтерінің сақталуына қатысты үлкен қауіптер пайда болуы мүмкін", - деген еді сарапшы.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Әзірбайжан халықаралық банкіне салынған 71 млрд теңгесі сақтандырылмаса, ол жоғалып кетуі мүмкін екенінен халық алаңдаулы. Себебі Әзірбайжан банкі сырттан тартылған инвестициялар бойынша өтемақы төлеуді мүлдем тоқтатқан. Тіпті банкротқа ұшырауы да ықтимал. Мол ақшаның бей-берекет жұмсалғаны туралы алғашқы дабылды экономистер қақты.

Связанные Статьи