Мәскеуде 16 мамыр күні Nokia телефондарының таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі .
Көрсетілімде 3310 маркалы Nokia көпшілікке жаңа түрімен таныстырылады. Павел Городницский жаңа марканың табысқа жеткізетінін мәлімдеді.
Nokia телефондарының нарыққа шыққанынна көпшілік әлі күнге дейін сенбей отыр. Алайда бұл марканың банкрот болуына компанияның өздері себепкер болған.
Nokia маркасының құлдырауының тағы бірнеше себебептері де бар. Бастапқыда бірінші iPhone телефонын жете бағаламаған болса, артынша бірнеше түрлі смартфон телефондар нарыққа шықты.
Компанияны америкалықтарға сатып, атағы дүркіреп тұрған брендке балта шапты.
Nokia маркасы нарыққа қайта шығып, өзінің орнын қайтармақшы. Бұл іспен HMD Global компаниясы айналыспақ.
Шолушы: Айгерім Таубай