«Ібіліс» адам Филиппинде өмір сүреді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710082918598_small.jpg

Филиппин тұрғыны Антонио Релой сирек кездесетін тері ауруына шалдыққан. Соның салдарынан терісі өрттен күйіп қалғандай болып көрінеді. Оның терісі қатты, қабыршық. Жергілікті тұрғындар оны қарғысқа ұшыраған деп есептейді.

26 жастағы анасы оны 12 жасында тастап кеткен. Ал әкесі болса баласы туылмай тұрып отбасын тастап кеткен. Ол апасының қолында өскен. Өмір бойы Антонио жұрттың күлкісі мен мазағына қалады.  Оның терісінің жағдайы, тіпті көзінің жанары да нашарлаған.

Антонио электрик болуды армандайды. Уақытының көп бөлігін электірлі құралдарды реттеуге жұмсайды екен.

Жақында жергілікті қайырымдылық ұйымдарының бірі Антонио туралы естіп оған көмек қолын созып оның дертін емдеу үшін үлкен қалаға апарған. Алайда дәрігерлер оның толық сауығып кетуі екіталай деп отыр. Алайда оның ауруын жеңілдететін дәрілер бар дейді. 

Связанные Статьи