Назарларыңызға әлемдік рекорд орнатушы тағы бір адамды ұсынамыз. Суреттегі баланы көрген адам оны 4-5 айлық деп ойлауы мүмкін, алайда жағдай тым басқаша, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Бұл бала – жаңадан туылған сәби, салмағы 18 келі болып туылған. Баланы өздігінен босана алмағандықтан баланы ота жасау арқылы алған. Ота жасаған дәрігердің өзі мұндай бала туылғанда таңдансын жасыра алмапты. Ол егіз немесе үшем туылады деп ойласа керек.

«Мен расымен де егіз немесе үшем туылады деп ойлағанмын.Алайда, жағдай мүлдем басқаша болды, бір ғана сәби, бір үлкен сәби дүниеге келді», - дейді дәрігер.
Баланың мұндай үлкен салмақпен туылуы заңды, себебі оның анасы 250 келі тартатын әйел. Осындай үлкен салмақтың салдарынан әйел адамның босануы тым ауыр болар еді, сондықтан да дәрігерлер оның баласын ота жасау арқылы алған.

Бұл бала – әлемдегі ең ірі әрі үлкен шақалақ сәби. Бұл оқиғаға дейін 1839 жылы Оңтүстік Африкада 17,6 келі тартатын бала дүниеге келген болатын, ал бұл сәби енді жаңа рекорд орнатты. Ең бастысы, сәби қазір анасының жанында және оның денсаулығы қалыпты жағдайда.
Аударған: Назерке Лабихан