Ресейде 20,7 млн адам көз ауруларына шалдыққан. Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы бойынша әрбір жетінші адамның көзі ауырады. 15 жыл бұрын бұл сан бір жарым есе аз болған екен 13,7-ні құраған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.
Көз ауруларының ішінде көпшілігінің шалдығатын ауруы – көздің қылилануы. Одан кейін астигматизм, алыстан көрмеу, катаракта, глаукома және т.б бар.
Көз көруінің нашарлау себебі гаджеттер. Адамның көзі табиғатынан гаджет, суреттерге тесіліп қарауға бейімделмеген. Бұл туралы ресейлік қана емес әлемдік дәрігерлер де мәлімдеген.
Хирург офтальмологтардың айтуынша адамның көзі жақын жердегі нәрсеге қарағанда көз бұлшыққеттері қысылады. Ал қазіргі медиадағы әр түрлі қимыл қозғалыс жасайтын, секіріп тұратын суреттер көзге мүлдем қауіпті дейді дәрігерлер. Бұл дерттен айығудың нақты жолы жоқ дейді мамандар, тек гаджеттерді аз пайдаланып, спортпен айналысуға кеңес береді.