11 баланы асырап алған отбасына келген қонақ адам шошырлық көріністің куәсі болды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710084616238_small.jpg

Жетімдер үйінен бала асырап алғысы келетіндердің өз себебі бар. Бірі балалы болалмағаны үшін осындай қадамға барса енді бірі өмірді қайырымдылық іс жасағысы келгендіктен бір жетімді бауырына басуды мақсат тұтады.

Асыранды баланы туғанындай көріп, жақсы көріп кететіндер баршылық. Алайда кейбірі жетімдер үйінен баланы тәжірибе жүргізетін жануар секілді қабылдап, қатігездіп танытып жататындары да баршылық.

Карлайл Смит есімді ер адам Грейвеллдер отбасымен кездейсоқ танысты. Майкл мен Шарен 11 баланы асырап алған. Олар демалыс алу үшін бала күтушіні бір күнге жалдамаққа бекінеді. Сол кезде Карлайл бір күнге бала күтуші болып барады. Сырт көзге Майкл мен Шарен Грейвеллдер жөні түзу адамдар секілді көрінеді. Дінді берік ұстанатын, жомарт, жетім десе көмектесуге дайын тұратын. Алайда отбасылық жұп үйінде мүлде басқа кейіпке енетін.

Карлайлға ең алдымен Шареннің балаларды маймылдар деп атағаны ұнамады. Одан кейін өгей анасы балалардың біріне бөлмеден шығып, өз торына баруға бұйырған.

Бастапқы кезде Смит шалыс естідім деп ойлады. Алайда шындық ол ойлағаннан да қорқынышты болып шықты. Балалар расымен де торда тұрады екен. Ал түнде балалар қашып кетпеуі үшін оларды жануар секілді сыртынан құлыптап қояды екен.

Асыранды балалардың өгей әкесі Карлайлға балалардың бірі қашып кеткен жағдайда оны саусақтарындағы сыммен тілінген жарақаттар арқылы танитынын айтады. Кейінірек өгей әкесі өзін Моисеймен салыстырды. Оның айтуынша, еврей пайғамбары халықты жақсы өмірге қалай жетелесе, ол да асыранды  балаларды дәл солай жақсы өмірге алып келгенін айтып қалған. Мұны естіген Смит балалар психикалық ауруға шалдыққан қанпезерлердің қолына түскенін байқайды.

Үйден шыққаннан кейін Смит бірден әлеуметтік қызмет орталығына хабарласады. Өкінішке орай, бірден анық дәлел таппай отбасылық жұпты ұзақ уақыт бақылап, тексеруге тура келді. Алайда бірнеше жылдан кейін Грейвеллдер отбасының асыранды балаларға қатысты қатігез әрекеттері әшкере болып, түрмеге отырды. 

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

Связанные Статьи