Теңізден табылған ерекше тіршілік иесі ғалымдарды таңқалдырды

/uploads/thumbnail/20170710093528794_small.jpg

4 шақырым тереңдіктегі теңіз тұңғиығын зерттеу барысында ғалымдар бұрын соңды көрмеген балық түрін табады. Оның үстіне бұл балық осыдан 150 жыл бұрын жойылды деп саналған.

Австралиядағы Мемлекеттік ғылыми және өнеркәсіптік зерттеу орталығы алғашқы рет Тасманидің солтүстігінен бастап Квинслендтің орталығына дейінгі суды қамтитын 4 шақырым тереңдіктегі теңіз тұңғиығын зерттеді. Ғалымдар судың тереңдігіндегі ерекше тіршілік иелерін түсіру үшін су асты камерасын қосқан, сондағы көздеріне түскені – «беті жоқ» балық.

Ұсталған балықтың аузы болғанымен беті жоқ, сондай-ақ көзі де болмаған. Зерттеушілердің пікірінше, көзі терісінің тереңіне кіріп кеткен, сондықтан көрінбейді. Дәл осындай балықты соңғы рет Коралл аралында 1870 жылы ұстаған.

Ендігі сирек кездесетін балық түрін зерттеу жұмыстарына кірісіп кетті. Ғалымдар зерттеу сәтті аяқталса, нәтижесі алдағы онжылдықтың климатындағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік беретінін айтады.

Шолушы: Сабина Рамазан

Связанные Статьи