Ұлттық пантеонда кімдер жерленетіні белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170710093655904_small.jpg

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 мамырдағы  307 қаулысымен Ұлттық Пантеонға кім жерленетіні анықталды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Олар:

-ҚР Президенті қызметін атқарғандар және оның отбасы;

-ҚР Премьер-министрі мен оның орынбасарлары, ҚР Парламент палатасының өкілдері және олардың орынбасарлары, ҚР Мемлекеттік хатшылары, ҚР Президент әкімшілігінің басшылары, ҚР Конституциялық Кеңестің төрағалары, ҚР Жоғары Соты және Ұлттық Банк төрағалары.

- Министрлер, мемлекеттік органдардың басшылары, облыс әкімдері, республикалық мәні бар қала әкімдері, астана әкімі;

- «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болғандар;

- «Алтын Қыран», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», «Еңбек Даңқы» ордендерімен марапатталғандар;

- «Совет Одағының Батыры», «Әлеуметтік Еңбек Ері» атағына ие болғандар;

- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағына ие болғандар;

- ҚР Президентінің шешімімен басқа да ерекше азаматтар;

- Пантеонда жерленетін адамдардан кейін қайтыс болған жұбайлары да жерленеді. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Связанные Статьи