Әлемде ессіз сезімннің кесірінен ерлі-зайыптылар түрлі қадамдарға барады. Ғашық екенмін деп небір сорақылықтарға барып жатқан жастарға қашан ақыл кіреді екен?! Бірақ жастар былай тұрсын, ақыл тоқтатқан адамдар да сұмдық дүниелер жасауда. Осыған дейін ер адамның әйел болатынын, әйелдің жігітке айналатынын да естідік, тіпті көрдік те. Бірақ ерлі-зайыптылар ессіз сезімнің жетегіне еріп, пластикалық операция жасады дегенді кім естіпті? Иә, ерлі-зайыптылар бір-біріне қатты ғашық болыпты, тіпті бет-бейнесін ұқсас болуын қалаған.

Музыкант Дженезиса Пи-Орриджа мен оның әйелі Леди Джейдің ессіз махаббаты сұмдық жағдай әкеп соқтырды. Олар танысқаннан кейін, ешуақытта ұрысып, жанжалдаспаған екен. Олар бір-бірін ессіз сүйгендігі сонша бірдей болып көріну үшін 10 шақты ота жасатқан. Біраз жылдан кейін музыканттың әйелі қайтыс болады. Ол әрқашан әйелін еске түсіру үшін айнаға қарайды екен. Айнаға қараған сайын әйелін көргендей болады.

Олар бұл іс-әрекеттерін романтикаға балады. Сонымен бірге олар бала сүйгілері келмейтінін де мойындап отыр. «Біз тіпті бірдей киінетін едік»,-дейді музыкант. Бірақ біраз жылдан кейін Джей бикеш қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуы бойынша ол өз денесіне шектен тыс көп операция жасағандықтан, ағзасы оны көтере алмапты. Сосын асқазанында қатерлі ісік те пайда болған. Осылардың салдарынан ол қайтыс болған көрінеді. Ол бар жоғы 38 жаста еді.

Сезімді ақылға жеңдірсең ұтасың, егер нәпсіңе жеңдірсең ұятқа қаласың. Олар ұятқа қалып қана қойған жоқ, өз өмірлеріне де зиянын тигізді. Сондықтан сезім дей бергеннен гөрі, ақылмен ойланған да жөн шығар.
Дайындаған: Сабина Рамазан