Чемпионның махаббат хикаясы. Табысты ердің артында мықты әйел тұрады

/uploads/thumbnail/20170710094024468_small.jpg

Табысқа жеткен еркектің артында бір мықты әйел тұрады. Ирландық боксшы Конор МакГрегордің бүгінгі сәттілігінің тарихы соның нақ дәлелі. Ол бір уақытта екі мәрте чемпион атанып, бүгінгі таңда миллиондардың көзайымы бола білді. Өзінің тарихи жеңісінен кейін Конор сұхбатында сүйген жарына алғысын білдірді: «Егер менің сүйіктім болмағанда, бүгінгі жетістіктерімнің бірі де болмас еді».

2016 жылдың қарашасында Конор МакГрегор жеңіл скалмақтағы чемпион Эдди Альваресті жеңген соң UFC тарихында бір уақытта екі дүркін чемпион атанды. Бұл оның өміріндегі зор жеңіс болды. Сол кездің өзінде Конор тілшілерге берген сұхбатында өзінің жеңісі тек оған емес, сүйген қызы Ди Девлинге де тиесілі екенін айтқан. Ди Девлин әрдайым спортшының жанында болған, оны қолдап, тіреуі бола білді, Конор сенімінен айырылған күннің өзінде Ди оған сенді.

«Менің түгім болмаған кездер болған. Тас кедей едім, бірақ сүйікті қызым әрдайым менің жанымда болды, ол мені тастаған емес. Ал бүгін ол үшін бәрін істей алатыныма мақтанамын. Оның қалағанын алып бере аламын, онымен бірге әлемді шарласам да болады және бұлардың бәрін мен қуана-қуана істеймін».

Ди мен Конор 2008 жылы танысқан. Қыз жігітке бір көргеннен ғашық болыпты. «Ол адамның көңілін көтере алады. Көңіл күйім болмай тұрғанның өзінде оның жанында еріксіз күлетінмін. Біз танысқан сәтте ол жаттығу залына барып жүретін, маған оның спортқа деген махаббаты, қайтпас қайсарлығы қатты ұнады», дейді боксшының сүйіктісі.

Екеуінің кездейсоқ таныстығы 10 жылға созылып келген үлкен махаббатқа ұласты. Жігіт қызды алғаш көргенде-ақ, «дәл осы қыз менің жақын досым, қорғаушым, қолдаушым болады» деп ойлаған.  

«Мен әр күн сайын өз мақсатыма қадам бастым, әр күнім дайындықпен өтетін. Ал Ди әрдайым менің жанымда болды, менің армандарымды тыңдады, ақылын айтты. Ол – менің қорғаушым. Егер Ди болмағанда, мен де болмас едім. Онсыз дәл қазір қандай күйде болатынымды тіпті елестете алмаймын», дейді Конор.

Ди Конордың әр жеңісін мақтанышпен қабылдады, ер азаматын қашан да биікте ұстады. Ең бастысы, ол сүйген адамының сәттілігіне сенді. Әрдайым қамқорлық танытып жүрді, әсіресе қалай тамақатанатынына ерекше көңіл бөлетін, себебі кез-келген спортшы үшін дұрыс тамақтану – маңызды.

Чемпионның жанында болу әркімнің қолынан келетін іс, ал өз серігіне мүлтіксіз сенім арту, жеңілген жағдайдың өзінде қолдау көрсету – екінің бірінің қолынан келе бермес.

Бүгінде Конорда бәрі бар, Ди екеуі кез-келген уақытта әлемді шарлап кете алады.

«Менің Диге деген алғысым шексіз. Ол мен үшін ыстыққа да, суыққа да төзді. Ендігі кезек менікі. Оның қалағанын істеп, барынша аялап ұстау – менің міндетім. О соған лайық». 

Шолушы: Гүлім Жақан

Связанные Статьи