Астана-Бейжің жаңа әуе рейсі ашылды

/uploads/thumbnail/20170710094045265_small.jpg

EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Қазақстан астанасынан шығатын халықаралық рейстерді ашу жалғасуда, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін қытайдың Air China әуе компаниясы Астана-Бейжің (Қытай) халықаралық жаңа әуе рейсі бойынша ұшуды бастады. Әуе рейстер Эйрбас-320 типіндегі әуе кемесімен аптасына 3 рет, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Аталмыш рейсті ашуда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Қытай Халық Республикасының авиация билігі бірлескен жұмыстар атқарды.

Еске сала кетейік, осы аптада Астана әуежайы Варшавамен (Польша), Ереванмен (Армения) және Киевпен (Украина) тікелей әуе қатынасын орнатқан болатын.

Шолушы: Гүлім Жақан

Связанные Статьи