Алькатрос түрмесінде Джек Джонс атты қылмыскер өлім жазасына кесілді. Ол өлім жазасына кесілмес бұрын өзі өлтірген әйелдің қызынан кешірім сұраған болатын. Джек осыдан біраз жыл бұрын бір әйелді зорлап, оны кофемашинаның тоғымен тұншықтырып өлтіреді. Бұл оқиғаның жалғыз куәгері әйелдің қызы болғандықтан, Джек Джонс оны да өлтіреді. Бірақ таңғажайып оқиғамен Ласи аман қалады.
Аталған оқиға 22 жыл бұрын болған. Осыған дейін кісі өлтірушіні іздестірумен болған полиция қызметкерлері оны жақында ғана тұтқынаған болатын.
Егер қыз қылмыскердің көзіндегі татуировкасын есіне түсірмегенде, ол табылмайтын да еді. Қылмыскер өз ісіне өкінетінін айтып, Ласиге хат жазып кетеді. Ол хатында былай деген:
Менің өкінетінімді Ласидің білгенін қалаймын. Осы қылмысты істегеніме әлі күнге дейін сене алмай жүрмін. Мен керемет адам болуға тырыстым. Менің монстр емес екенімді түсінгеніңді қалаймын. Мен сені туған қызымдай жақсы көремін. Осы қылмысымның себебі болды. Мен қатты өкінемін.
Аударған: Әсел Өтешова
Оставить комментарий