Уэльс мемлекетінде тұратын Уоттс отбасы үйлерінде кішкентай баланың елесі торуылдап жүргенін айтады. Салли Уоттстың айтуынша, бала олар тұрған ескі үйде де болған, жаңа үйге көшіп келсе, әлгі бала отбасымен бірге келген. Біраз уақыт жоқ болып кетіп еді, енді міне суртеке түсіп қалған екен.
Отбасы мүшелерінің айтуынша, Саллидің қызының туған күнін тойлау барысында үйлерінде баланың елесі болған. Мереке үстінде түсірілген суретте қыздың артында белгісіз баланың тұрғанын айтады.
Отбасы басқа ешқандай түсініктеме бере қоймады, күйеуі екеуі ақылдаса отырып, суретті әлеуметтік желіге салуды ұйғарыпты. Желі қолданушылары суреттегі елеске қанша сенбегендерімен, ата-ана өз сөздерінен қайтпай отыр.
«Бұл нағыз сурет. Егер біреу түсініктеме бере алса, қуанар едік» деп жазды Салли Уоттс әлеуметтік желідегі парақшасына.
Шолушы: Сабина Рамазан
Оставить комментарий