Димаш Құдайберген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің елімізге сапары барысында өз репертуарынан ән айтып бергісі келетін айтты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы әнші Қытайдың CCTV орталық телеарнасына берген сұхбатында айтты.
«Әлем халқының үштен бірі Қытайда тұрады. Осы елдегі жанкүйерлерімнің маған деген сезімі күллі қазақ халқына деген, қазақ бауырларымызға деген құрметі деп білеміз. Осындай үлкен мемлекетте ән салып, өнер көрсету мен үшін үлкен бақыт. Төраға Си Цзиньпиннің елімізге сапары барсында өзімнің репертуарымдағы ең жақсы деп санайтын әнімді орындап бергім келеді. Және де орайы келіп жатса, менің жолымды ашқан «Әнші» жобасына қатыстырып, осындай мүмкіндік туғызып отырған Қазақстан мен Қытай елінің арасындағы достық қарым-қатынастың сақталып келе жатқаны үшін рақметімді әнмен жеткізген болар едім. Екі елдің достығын ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған мәдени мұрасын бір-бірімізге көрсету арқылы нығайта түсеміз деп ойлаймын», - деді Димаш Құдайберген Қытай телеарнасына берген сұхбатында.
Оставить комментарий