1995 жылы баласын жоғалтқан әйел 21 жылдан кейін ұлын кім ұрлағанын білді

/uploads/thumbnail/20170710110404211_small.jpg

Мария Мансия өзінің ұлын 21 жылда бірінші рет көрген кезде өз көзіне өзі сенбеді. «Осыншама уақыт бойы мен онымен не болғанын білмедім»-дейді әйел. Оның ұлы Стив Эрнандесті ұрлап алып кеткен кезде ол небәрі 18 айлық еді. Баланы ұрлаған адам оның құжаттары мен суреттерін тіпті УДЗ-ның суретін алып кеткен екен.

Стивтің анасы сол 1995 жылы болған сорақы күнді қынжылыспен еске алады. Өзінің жалғыз ұлын жоғалтқан күн ананың есінен қалай кетсін? Туған туыстарынан баланың жалғыз ғана суретін тауып алған. 20 жыл бойы ол осы суретті өзімен бірге ұстаған.

Полиция әйелдің ұлын іздестіргенімен оны таба алмаған. Нәтижесінде 20 жылдан кейін Мексика жақтан белгісіз деректер пайда бола бастады. Баланы ұрлаған өз әкесі болып шыққан. Сол уақытта баланың әкесі із-түссіз жоғалып өлді деп есептелген.

«Мен өзімнің анамның тірі екенін білгенде, оның мені іздестіріп жүргенін білгенде есімнен танып қала жаздадым. Қатты қуандым»-дейді 22 жастағы жігіт.

 

Стив анасына оралған кезде өзінің қалай өсіп, есейгенін суреттерімен көрсеткен. Мексикада заңгердің оқуын оқып жүрген,  енді АҚШ-тағы университетке ауысып анасымен берге тұрмақшы.

«Арқамнан өте ауыр жүк түскендей болды. Өмірімнің 21 жылын ұлымды іздеуге жұмсадым. Ол туралы ештеңе білмесем де, оның аман екеніне сендім»-дейді әйел.

Әйелдің өз ұлын табуы шексіз сенімінің есебінен. Себебі сенім ғана бізді алға жетелейді, өмір сүруге құлшыныс береді. Тек қана сенім..

 

Дайындаған: Назерке МҰСА

Оставить комментарий

Связанные Статьи