Әкесі табандарын кесіп тастағаннан кейін қыздың өмірі жақсы жаққа өзгерген

/uploads/thumbnail/20170710110449242_small.jpg

Бұл оқиға 1983 жылы болды. Бүкіл ел Вадактай атты колхоз тұрғыны Раса Прасцевичутидің оқиғасына назар аударды.

 

Раса өз егіз әпкесімен күнбағыс арасында ойнап жүреді. Сол уақытта әкесі мас күйінде шөп шабатын машинаны қосады.  Бірнеше уақыттан кейін матордың дауысын кішкентай қыздың шыңғырған даусы басып тастады. Шөп шабатын машина қыздың екі табанын кесіп тастаған.

 

Әкесі колхоздың басқа қызметкерлерінен көмек сұрауға жүгіріп кетеді. Жергілікті фельдшер қанды тоқтатып, кесілген табандарды тоңазытқышқа салып қояды. Жақын жердегі ауруханаларда Расаға көмектесе алатын дәрігерлер де, қажетті құралдар да болмайды. Сондықтан Мәскеудегі ауруханалармен байланысуға тура келді.

 

Расаны Ту-134 ұшағымен Мәскеуге жеткізді. Жолда қыздың табанын салатын мұз табылмай, оны мұз қатқан балықтармен апарған.

Операция ұзаққа созылды. Төрт сағат өткеннен кейін дәрігер көмекшілерін дем алуға жіберген. Қазір АҚШ-та жұмыс істейтін Датиашвили есімді дәрігер тоқтамастан бірнеше сағат жұмыс істеген. Операция тоғыз сағатқа созылды.

Осы оқиғадан кейін Раса 8 жыл бойы түрлі ауруханаларда жатқан. Оның ата-анасы бұрынғысынша ішкілікке салынған. Аяғы қайта қалпына келгеннен кейін қызды Адомайтис отбасы асырап алады.

 

Раса мұндай жағдай керісінше оның өмірін жақсы жаққа өзгерткенін айтады. Мұғалімдер отбасы оған сапалы білім берген. Оның өз ата-анасынан көрмеген жылулық пен махаббатты жаңа отбасына көрген.

Расаның әпкесі колхозда қалған. Оның үш еркектен төрт баласы бар. Ал анасы ішімдікке уланып көз жұмған. Әкесі қатерлі ісіктен қайтыс болған екен.

Қазір Раса Германияда тұрады. Ол қазақстандық азаматқа тұрмысқа шықты. Олардың бір қызы бар. Раса қазір жақсы жүре алатынын айтады.

Шолушы: Сабина Рамазан

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи