Алматыда көлік жуу тұрағының қызметкері клиент автокөлігін айдап алып кеткен. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға Алғабас ықшам ауданында орын алған. Зардап шегушінің сөзіне қарағанда ол көлікті жууға тастап кеткен. Оған көлікті сол күні сағат кешкі 10-да алып кетуге болады деп хабарлаған. Алайда көлік жуу тұрағына келген ол өз көлігін таппаған соң бірден айдап әкеткендігін хабарлаған. Полиция көлікті Рысқұлов даңғылы бойынан тапқан. Көлікті айдап әкеткен ер адам ішімдік ішкенін мойындаған. Ол көлікті анасын апарып тастау үшін қолданбақ болғанын жеткізген.
Шолушы: Назерке МҰСА
Оставить комментарий