ТІКА түрік агенттігі Қазақстанның 5,5 мың тұрғынына ауызашар береді

/uploads/thumbnail/20170710110537046_small.jpg

Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) Астанадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ауызашар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттіктің өкілі Әли Ихсан Чаглардың айтуынша, биылғы Рамазан айында осындай қайырымдылық астарын Қазақстан бойынша 5,5 мың адамға ұйымдастыру жоспарлануда - қарттар үйлерінің тұрғындарына, елдің әртүрлі қалаларындағы аз қамтамасыз етілген жандар мен қариялар үшін.

«Біздің мекемеде 12 ұлттың 300-ге жуық өкілі тұрады. Олардың 100-ге жуығы мұсылмандар. Олар қарттар мен мүгедек жандарға дәстүрлі түрде көрсетілетін қамқорлық үшін еліміз Президентіне, Үкіметке және Астана әкімдігіне шексіз алғыс айтады. Меніңше, біздің мемлекетте қариялар мен мүгедектерге қарым-қатынас ерекше. Міне, бүгінде осындай іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіруде. Ауызашарды бұған дейін бірнеше мешіт пен кәсіпкерлер ұйымдастырған болатын. Бүгін оны ТІКА түрік агенттігі қолға алды», - деді Орталық директоры Кенжеболат Бәпішев. Іс-шараға сондай-ақ Түркі Республикасы Елшілігіндегі Білім және ғылым министрлігінің өкілі Мұстафар Қалқан да қатысты. Ол Орталық тұрғындарын Рамазан айымен құттықтап, оларға ізгі-тілектерін білдірді.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи