Үндістанда 20 жастағы қызды Инд өзенің бойында дәрет алып жатқан кезде қолтырауын азық етті деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Қайғылы жағдай солтүстікте орналасқан Уттар – Прадеш штаты, Чамбал ұлттық паркінде орын алды. Үндістердің «экадаши» атты қаситетті күніне байланысты Нирадж пен оның жанұясы діни салт бойынша өзенде шомылып жүрген. Қолтырауын қызды ұстап алғанда, туысқандары көмек шақырмақшы болды.
Биологтардың айтуы бойынша, қазір қолтырауынның жұмыртқа басу кезеңі. Бұл кезде жануарлар балаларын қорғау барысында адамдарға агрессия көрсетуі мүмкін. Қызметкерлердің болжамы: Нирадж жұмыртқалар салынған жердің қасында болды.
Шолушы: Альмира АСЛАНОВА
Оставить комментарий