Нидерландыда тұратын Диего Буик атты бас аспаз 2 мың евро тұратын әлемдегі ең қымбат гамбургер жасап шығарды. Бұл гамбургер Геннистер кітабына енген екен. Аталған гамбургердің құрамы ең қымбат, өте сирек кездесетін тағам түрлерінен тұрады. Олар: уылдырық, фуагра, трюфели шаян, және өте дәмді тұздық. Бас аспазшы тұздықты жоғары сапалы қоспа мен шаянды пайдалана отырып жасайтын көрінеді.
Әлемдегі ең қымбат италяндық пицца «Louis XIII» деген ерекше атаумен сатылады екен. Аталған пиццаның бағасы 365 мың рублге бағаланған. Пицца сатып алушының көзінше жасалады. Құрамында уылдырықтың 3 түрі, лангуст пен шаян еті және моцарелла буффало бар.
Нью-Йорк қаасында 825 мың рубл тұратын десерт-балмұздағы сатылады. Аталған тағамның ыдысы алтын және алмаспен безендірілген екен. Сонымен бірге сатып алушыға арнайы алтын қасық беріледі. Ал тағамның өзіне келер болсақ какаоның 25 түрінен, қамбат шокаладтан, жеуге болатын алтын жапырақтан жасалады. Сатып алушы қымбат тағамды сатып алғаны үшін тағамның ыдысы мен қасық естелік ретінде сыйға тартылады екен.
Аударған : Әсел Өтешова
Оставить комментарий