Ер адам 4 ай бойы әкесінің мәйітін сақтап келген

/uploads/thumbnail/20170710111505123_small.jpg

77 жастағы пәтер иесі осы жылдың ақпан айында қайтыс болған. Оның 52 жастағы баласы әкесінің денесін жер қойнына тапсыруға асықпаған. Онымен не істеп, неліктен мәйітті полиэтиленге орағаны белгісіз деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Облыстық ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыс мезгілінде мәйіттен жағымсыз иіс қатты тараған. Алайда күн жылығаннан кейін сұмдық иіс бүкіл пәтерді жайлаған. Соның ортасында оның баласы емін-еркін тұрған. Ер адам ішкілікке салынған екен. Полицейлер келген кезде ол мас болған. Құқыққорғау органдарына мәйіт сақталған үйдің бесінші қабатында тұратын көршілері хабарласып, мәйіттің иісіне ұқсас жағымсыз иіс мүңкіп тұрғанын айтқан.

Полицейлер үйге келгенде ер адам есікті ашпай қойған. Олар есікті бұза бастағанда ол терезеден секіріп кетті. Түрлі жарақаттар алды.

Полицейлер мәйітті сараптамаға жіберді. Көршілерінің айтуынша, баласына әкесінің зейнетақысы қажет болды. Сондықтан оның өлгені туралы ешкімге хабар бермеген.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

Связанные Статьи