Мұхаммед Әлидің ұлы мұрасын күтіп жүрген уақытта кедейге айналды

/uploads/thumbnail/20170710111526502_small.png

Әли әйелі мен 9 баласына 80 млн. доллар мұра етіп қалдырған. Алайда, туған баласы әлі күнге дейін өз еншісін алмаған деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі

45 жастағы кіші Мұхаммед Әли өзінің әкесінен қалған мирасын ала алмай жүргенін айтты. Үйдің басшысы көз жұмғаннан кейін оның 9 баласымен  және 59 жастағы Лонни есімді әйелінің арасында мұраны тең дәрежеде бөлісуге өзара келісім жүргізген.  Бірақ, кіші Әли 6 млн. орнынына 3 рет 2,5 млн. ғана төлемақы алған.  Ақшаны толық алмағаны үшін ол достарының үйлерін паналап, өзіне дұрыс тамақ ала алмағандығын айтты.

Кіші Әли соңғы жылдары әкесімен араласпаған. Соңғы 10 жылда ол Чикагоның  Саус-Сайде атты  берекесіз қаланың бірінде тұрған. Жылдар бойы науқас атасының күтушісі болғаның айтты.

Әкесі мұра ретінде 6 млн. доллар қалдарғанын естігенде кіші Әли отбасынан кетіп қалады. 2 қыз баламен қалған оның әйелі Шакира баспасөзге: «кіші Әли үйге көк тиын да алып келмейді» деді. Сонымен қатар, БАҚ-та атағы жер жарып тұрған спортшының ұлы марихуана, героион мен крэкке әуес екеніндігі туралы жазылды.

Шолушы: Альмира АСЛАНОВА

 

Связанные Статьи