Өскемендік тұрғындардың үрейін алған «бомждар» қаладан шығарылды

/uploads/thumbnail/20170710120404613_small.jpg

Облыс орталығының басшысы баспанасыз адамдарға байланысты тұрғындардың шағымынан кейін шара қолданды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

YK-news.kz порталының хабарлауынша, Үлбі өзенінің бойына жиналған үйсіз-күйсіз адамдар күнде ішкілікке салынып, айқайға басып, тұрғындардың мазасын қашыратын көрінеді. Мұны естіген Өскемен қаласының әкімі Қуат Тумабаев баспанасыздар жиналған аймаққа барды. Сондай-ақ, әкіммен қоса қала прокуроры мен полицей басшысы еріп барған.

Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысының хабарлауынша, баспанасыз адамдар қаладан шығарылып, Глубоковское ауданы Белоусовка ауылындағы бейімделу орталығына жөнелтілді.

Шолшуы: Гүлім Жақан

Оставить комментарий

Связанные Статьи