Бес күйеуі бар әйел баласының әкесін анықтай алмай отыр

/uploads/thumbnail/20170710120418796_small.jpg

Егер гарем тек ер адамдарда ғана болады деп ойласаңыз қателесіз. Фотодағы әйел Үндістанның солтүстігінде тұрады. Оның бес күйеуі бар. Раджо Варма бес ағайындыға тұрмысқа шыққан.

«Менің сүйікті күйеуім жоқ. Мен үшін олардың барлығы бірдей» деп өз ойымен бөлісті Раджо журналистерге берген сұхбатында.

Раджо бірінші күйеуімен төрт жыл бұрын некелескен. Олардың тойы Үндістанның барлық дәстүріне сай өтті. Одан кейін ол  Байжу, Сант Рам, Гопал мен Динешке тұрмысқа шықты. Оның күйеулерінің ең үлкені 32-де, ал ең кішісінің жасы – 19-да.

Раджо Варманың бірінші күйеуі әйелін басқаларынан қызғанатынын, алайда барлығы үлкен отбасы екенін айтады.

Раджо ежелгі полиандрий бойынша жүреді. Яғни көп күйеуі болуы. Бұрынғы кезде бұл  Үндістанда кең тараған. Бұл туралы тіпті үнділік “Махабхарате” эпосында да айтылады. Қазір индуизмнің көптеген мектептері некенің мұндай түріне қарсы.

Раджо анасынан үлгі алып, осындай неке құрған. Оның анасы да 3 ағайынды жігітке тұрмысқа шыққан екен.

Шолушы: Сабина Рамазан

Оставить комментарий

Связанные Статьи